Құпиялық саясаты
Жоба: жариялау алдында заңгер тексеруі керек. Оператордың деректері (атауы, БСН, мекенжайы) қойылады.
Қандай деректер жиналады
Мұғалім: аты-жөні, email, мектеп, пән, кіру құрылғылары (құрылғы белгісі, шамамен уақыты).
Мұғалім енгізген деректер: сыныптар, оқушылар аты-жөні, бағалар, КТП, жасалған материалдар.
Төлем: қазір төлем қолмен расталады, карта деректерін біз сақтамаймыз.
Оқушылардың деректері
Оқушылар тізімін мұғалім өзі енгізеді және оның жауапкершілігі мұғалімде. Біз тек оқушының аты мен сынып нөмірін сақтаймыз, жеке басын куәландыратын басқа мәлімет сұрамаймыз.
Оқушы ойынға тек сыныптағы нөмірімен кіреді, оның аты ашық жерде көрсетілмейді.
ЖИ қызметтері
Материал жасағанда сұраныстың мәтіні (пән, тақырып, мұғалімнің жазбасы, жүктелген құжат мәтіні) сыртқы ЖИ провайдеріне (Google Gemini, қосылса Anthropic Claude) жіберіледі. Оқушылардың аттарын ЖИ-ге жібермейміз.
Сақтау және жою
Деректер аккаунт болғанша сақталады. Аккаунтты баптаулардан өзіңіз өшіре аласыз (барлық деректер жойылады) және деректеріңізді JSON файл ретінде жүктей аласыз. 12 ай кірілмеген аккаунт автоматты жойылады.
Қауіпсіздік үшін күнделікті сақтық көшірме жасалады, ол 14 күн сақталады.
Cookie
Тек кіру және тіл/тақырып баптаулары үшін қажетті cookie қолданылады. Жарнама және бақылау cookie жоқ.
Сіздің құқықтарыңыз
Деректеріңізді көруге, түзетуге, жүктеуге және жоюға болады. Сұрау: +7 707 435 4453 (WhatsApp).