Пайдалану шарттары
Жоба: жариялау алдында заңгер тексеруі керек.
Қызмет
Bilim Lab мұғалімге сабақ материалдарын (ҚМЖ, тапсырма, презентация, ойын) жасауға және журнал жүргізуге көмектеседі. Материалды ЖИ жасайды, сондықтан мұғалім оны сабаққа қолданар алдында өзі тексеруі керек.
Тарифтер және монета
Free: шектеулі тегін мүмкіндік. Плюс: 1 күнтізбелік ай, пакетпен бірге монета беріледі. Плюс біткен соң қалған монета тағы 1 ай жарайды (барлық баға ×1,5), содан кейін нөлденеді; журнал мен бағалар жабылады (өшпейді, Excel-ге жүктеуге болады). Монета Плюссыз сатылмайды.
Плюс автоматты ұзармайды: мерзім біткенде бас тартудың қажеті жоқ.
Аккаунт
Аккаунт бір мұғалімге тиесілі. Бір аккаунтты бірнеше адамға бөлісуге болмайды: бұл анықталса, аккаунт бұғатталады. Бір аккаунтпен ең көп 5 құрылғыдан кіруге болады.
Мазмұн және авторлық құқық
Мұғалім енгізген деректердің және жүктеген құжаттардың құқығы мен жауапкершілігі мұғалімде: өзіңізде құқығы бар материалды ғана жүктеңіз. ЖИ жасаған материалдың дұрыстығына біз кепілдік бермейміз, қажет жерінде өзгертіңіз. Бұл материал жасанды интеллектпен жасалған, қолданар алдында тексеріңіз.
Қайтару
Ақылы мерзімнен бұрын бас тартқанда қайтару тәртібі оферта шартында көрсетіледі.